Мьянмада жарылғыш заттар сақталған ғимаратта болған жарылыс салдарынан кемінде 46 адам қаза тауып, 74 адам жарақат алды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Құтқарушылардың мәліметінше, апат орнынан 46 адамның мәйіті табылған. Қаза тапқандардың арасында алты бала бар. Жараланған ондаған адамға медициналық көмек көрсетілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс болған аумақта шамамен 100 тұрғын үй зақымданған. Оқиға үкіметке қарсы әрекет ететін Таанг ұлттық азаттық армиясы (TNLA) бақылауындағы өңірде болған.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыс болған ғимаратта кен орындарын игеруге арналған жарылғыш заттар сақталған. TNLA өкілдері оқиғаның кездейсоқ болғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері анықталып, оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.