Все новости за 29 наурыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қостанайда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, үш адам ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыкөл кентінің үш тұрғыны түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық триатлоншылар жақында Непалда өтетін Азия кубогіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Елорда әуежайы уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауа райының бұзылуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы уақытша жабылды.
-
Өткен жылы 21 мыңға жуық адам тыныс алу жолдарының ауруларынан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 3,5 мың адам АИТВ жұқтырған, 4,6 мың адам созылмалы вирусты гепатитпен, 2,3 мың адам мерезбен ауырған. 2021 жылы жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциясы ең көп таралған жұқпалы ауру болды. Инфекцияны 1,2 миллион адам жұқтырған. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
-
«Қазмедиа»-дағы өрт толығымен сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазмедиа орталығындағы» апат жойылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook парақшасында жазды.
-
ТЖМ ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде: 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жолдар жабылды.
-
Ақмола облысында су тасқынына қарсы штаб іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында алдағы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. 28 наурыздан бастап облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында облыстық су тасқынына қарсы штаб құрылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Апатқа байланысты төрт телеарнаның хабар таратуы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апат "Қазмедиа орталығында" болған. Адамдарды эвакуациялау туралы хабарланады. "Хабар", 24.kz, Qazaqstan, Balapan телеарналары өз жұмыстарын тоқтатты.
-
Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Бес облыста жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар жолдар жабылды.
-
Бейжіңде Наурыз мерекесі тойланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде жақсылықтың жаршысы, ізгілік пен берекенің бастауы, көктем мен жаңару мерекесі, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде атап өтті.
-
Елорда мешіттерінің жамағаты арасында футзалдан турнир өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қала мешіттерінің жамағаты арасында спорттық іс-шаралар маусымы футзал ойынымен ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Шорт-тректен ел чемпионаты: 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар есімі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан чемпионатында 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Алматыда болған дауыл салдарынан 20-дан астам автокөлікті ағаш басып қалды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қатты дауыл тұрып, арты жаңбыр мен қарға ұласты. Дауыл салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады.
-
Елордада қар күреу жұмысына 2,5 мыңнан астам арнайы техника мен жол жұмысшы жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада соңғы күндері қар көп мөлшерде жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысым бойынша тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Ayala қайырымдылық қорына 15 жыл
Алматы, BAQ.KZ. AYALA Қайырымдылық қоры 15 жыл ішінде нәрестелер мен балалар өлімін азайту, жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету жобаларына 5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған.
-
Қазақстандық 8 автоөнеркәсіп дүние жүзінде мойындалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдан бері 8 қазақстандық автоөнеркәсіп кәсіпорны көлік құралдарын өндірушілердің өзіндік бірегей сәйкестендіру кодтарын пайдалану құқығына ие болды.
-
Қазақстан арқылы өтетін халықаралық автомобиль дәліздері кеңейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы арқылы 8 халықаралық транзиттік автомобиль дәлізі өтеді. Оларды жаңарту жұмыстарын 2030 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
-
ЕАЭО арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу келісімі ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
-
«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Түрік шайын таныстыру» шарасын өткізді.
-
Жамбыл облысында борышкерлерден 22 млн-нан астам теңге өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында "Борышкер-2022" жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның басты мақсаты халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
-
Бағдат Мусин Astana Hub халықаралық технопаркінің артықшылықтары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы жылдары Қазақстанға релокация туралы шешім қабылдап жатқан шетелдік компаниялар мен мамандар көбейіп келеді. Мәселен, танымал inDriver такси агрегаторы өз командасының негізгі бөлігін біздің елге әкелген.
-
Президент ҚХА отызыншы сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Асхат Аймағамбетов онлайн форматта оқып жүрген университеттерді сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің кезекті аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов әлі күнге дейін онлайн форматта оқып жүрген университеттерді сынға алды.
-
Ләззат Қалтаева Алматы қаласының әкімдігінде мүгедек адамдардың мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева ақыл-ойы мен жүйке дерті бар адамдар тұратын «Демеу» және «Алатау» арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығында болды.
-
Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
-
Оңалту – бала өмірі мен денсаулығы үшін қымбат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО онкологтары бір күнде 260-тан астам адамға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағындағы аймақтық онкологиялық ұйымдарда колоректальды қатерлі ісік пен жатыр мойны обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Altaynews.
-
Президент Жолдауды іске асыру шаралары туралы Қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Мәдени демалыс: Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай іс-шаралар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мәдениет мекемелері апта сайын қала тұрғындарына арнап іс-шаралар ұйымдастырады.
-
Әдемі лента қиюмен емес, нақты іспен айналысу керек – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің кезекті аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов университеттер нақты, мазмұнды іспен айналысуы керегін айтты.
-
Елордадағы iрi сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түскен - ПД
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 наурызда сағат 13:39-да «102» арнасына «Сарыарқа» СОО әкімшілігінiң жұмыс нөмірінде белгiсiз ер адам қоңырау шалып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын хабарлаған.
-
Головкин Азиядағы үздік боксшылардың бестігіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DAMN стримингтік қызметі өзінің твиттерінде Азиядағы ең танымал боксшылардың бестігін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.
-
Отбасы, ана мен баланы қорғау мүдделері Президенттің назарында – Әзілханов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысында айтты.
-
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталатынын айтты.
-
Мұғалімдердің еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге дейін ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова биыл «Жазғы мектеп» жобасы өтетінін айтып, мұғалімдер еңбек демалысына уақытылы жіберілетінін атап өтті.
-
Биыл төртінші тоқсан уақытында аяқтала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова төртінші тоқсан уақытында аяқталатынын айтты.
-
Ерұлан Жамаубаев Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды.
-
Түркі академиясының вице-президенті «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркі академиясының вице-президенті Фузули Мажидлиге ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
-
Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысында белгілі болды.
-
Екі есе айлық, тегін пәтер: Аймақтарға жіберілетін мұғалімдерге қандай қолдау көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова аймақтарға жіберілетін мұғалімдерге қандай қолдау көрсетілетінін түсіндіріп берді.
-
Қазақстанда мұғалімдер 3 жылда бір рет біліктілігін арттырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда мұғалімдер 3 жылда бір рет біліктілігін арттырады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова айтты.
-
Алматы облысында «Рамазан қоржыны» таратылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Айлардың сұлтаны – Рамазан ағымдағы жылы 2 сәуірде басталады. ҚМДБ мен Өзбекстан, Қырғыстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген.
-
Енді олимпиаданы жеңген оқушылар 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова айтты.
-
Боран, күшті жел: БҚО-да республикалық жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды.
-
Түркістан облысы полицейлері тұрғынның үйінен 3 келі есірткі тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері тұрғынның үйінен 3 келі есірткі тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Ұлытау ауданында ұлттық спорт түрлері дамуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау ауданында өткен оқушылар арасындағы ат жарысында бірінші орынды 15 жасар шабандоз Қыран Серік жеңіп алды. Ол бесінші сыныптан бастап осындай жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
-
Ән мен рух. Әскери музыка сарбаздарға қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әскери ортада музыканың алар орны туралы көп айтуға болады. Жауынгерлік Ту, әскери белгі іспетті жауынгерлік музыка да әскери қызметшілер арасында ерліктің, батылдықтың және Отанға деген адалдықтың символындай. Ұлттық ұлан жеке құрамының жауынгерлік дайындығы мен мәдени деңгейін көтерудегі әскери оркестрдің орны бір төбе.
-
Түркістан облысында жоғалған 3 жасар қыз табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырар ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Ол өзінің 3 жасар қызының үй ауласында ойнап жүріп, шығып кеткенін айтқан. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне) Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі.
-
Таеквондодан жастар арасындағы ел чемпионаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Сенаторлар сүт өңдеушілердің мәселелерін шешуді бақылауға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Сергей Карплюк Қостанай облысына жұмыс сапары барысында сүт өнімдері мен балмұздақ шығаратын өндіріс желілерімен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
-
COVID-19. Қандай шектеулер қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ел аумағында маска режимі мен Ashyq қосымшасын қызметі тоқтату шешімі қатысты пікір білдірді.
-
Глеб Брусенский велоспорттан Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан Душанбеде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тұғыр биігінен көрінді, деп жазады Olympic.kz.
-
Таразда оңалту және бейімдеу орталығы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап, жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
-
Қазақстан мұнайына санкция салынбайды – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Каспий құбыр желісі концорциумындағы апат ел бюджетіне әсер етпейді. Бұл туралы экономист Айдархан Құсаинов «Ресей әскерінің Украинаға басып кіруінің Қазақстан үшін экономикалық салдары» тақырыбында өткен пікірталаста айтты.
-
Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков.
-
БҚДА жұмыс істеп тұрған коммуналдық автопарктерді бәсекелес ортаға беруді ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Биыл республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол салынып, жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.
-
Авиатасымалдаудың ішкі нарығында ең үлкен үлесі қай компанияға тиісілі екені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Отандық жүк тасымалдаушылар үшін бірыңғай тариф белгіленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.
-
Соңғы 3 жылда электр энергиясын өндіру 7%-ға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Сенат төрағасы: Қазақстан халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешуден басқа балама жоқ екенін құптайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысында сөз сөйледі.
-
Ахметов ішкі нарыққа газ жеткізу қызметі ашық емес екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Елімізді қуатты транзиттік хабқа айналдырудың мүмкіндігі зор – Үкімет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.
-
Мұнай бағасын реттеуге мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылып отыр – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
2025 жылға автопарк саны 15 мыңға дейін көбейеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
-
Мемлекет басшысы ТМД елдері парламентшілеріне үндеу жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматыда өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады.
-
Доллар бағасы өскелі құрылыс нысандары 15%-ға қымбаттады – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Доллар бағамы өскен соң көптеген құрылыс компаниялары ертең материал қымбаттайды деп бағаны көтеріп қойды. Біздің есептеуіміз бойынша баға 15 пайызға дейін қымбаттады. Қаражаттан қысылған кейбір компаниялар салған құрылысын бұрынғы бағамен сатып жатыр. Бірақ бұған дейінгі бағалары да жоғары еді, соны ұстап отыр. Бұл туралы Қазақстан біріккен риэлторлар қауымдастығы кеңесінің мүшесі Орынбасар Сатаев пікір білдіру кезінде айтты.
-
Зейнетақы қорындағы ақшаларын алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы қорындағы ақшаларын алып беремін деп қарағандылықтарды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Берік Уәли «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берік Уәли «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
-
25,2 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 25,2 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 18,5 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.
-
Министр: Өлім жазасы алып тасталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
-
БАҚ туралы заң қайта қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау жоспарлануда.
-
Жылына 10 мың контейнерге дейін өндіретін боламыз – Қайырбек Өскенбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
-
Мәжіліске заңдар қабылдау құқығы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліске заңдар қабылдау құқығы беріледі.
-
Отандық вагон шығарушы операторларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
-
Смайылов: Жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші кезекте аса маңызды саяси реформаларды іске асыру көзделіп отыр.
-
2025 жылға дейін транзиттік тасымалды 30 млн тоннаға жеткізуіміз керек – Өскенбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
-
Биыл елімізде жүк тасымалдау көлемі артып, 70,8 млн тоннаға жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
-
Елімізде сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады.
-
Министр дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.
-
Жаңа облыстарды құруды көздейтін Президент жарлығы әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
-
«Айшуақ-Жантүгел» ҰҚТ-ның мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҰҚК және БП-мен бірлесіп, сондай-ақ, арнайы жасақ бөлімшесінің қатысуымен Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
«Pfizer» вакцинасын 789 990 адам салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 451 240 адам, 2 - ші компонентін 9 150 398 адам салдырды.
-
Еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елімізде тағы 484 адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 484 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz
-
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 17 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 28 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
Елордада «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халықтың бюджетке қатысу» жобасына қаланың барлық ауданы қатысады. Биыл тұрғындардан қаланың төрт ауданында орналасқан аулаларды абаттандыру бойынша 228 жоба келіп түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық велошабандоз Глеб Брусенский велоспорттан Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды.
-
Украинадан тағы 53 қазақстандық эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:44-те Польшаның Катовице қаласынан Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшты.
-
Түркістан облысында 110 мың гектар алқапқа 170 млн ағаш егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен жылы 267 заңсыз ойын мекемесі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 267 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
-
Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» синоптиктері жеті өңірде ескерту жариялады.
-
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Көкшетауда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде қорғаныс ведомствосының өкілдері оқу орындарының оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізуде.
-
Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркістан облысында асыл тұқымды қойлар көрмесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Етті-май бағытындағы Халықаралық асыл тұқымды қойлар» көрмесі өтті.
Наверх