Өткен жылы 267 заңсыз ойын мекемесі анықталды

29 Наурыз 2022, 04:44
1498
Бөлісу:
Өткен жылы 267 заңсыз ойын мекемесі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 267 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан 5 мыңға жуық ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері мен компьютерлер тәркіленген.

Оған қоса, ҚМА Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп 4 мыңға жуық онлайн ойын сайттарын бұғаттады.

Егер заңсыз ойын мекемелері жөнінде қандай да бір ақпаратыңыз болса, заңбұзушыларға жауапкершілік шараларын қолдану үшін 8 (7172) 70-84-78 сенім телефоны арқылы Қаржылық мониторингі агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы