Елімізде сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіледі

29 Наурыз 2022, 09:37
2913
Бөлісу:
Елімізде сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Қуантыровтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Сайлау жүйесін жетілдіру» бағыты бойынша 1 іс-шара іске асырылатын болады.

Елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады. Ол 70/30 қатынасында Мәжіліс құрудың аралас жүйесін көздейді. Яғни депутаттардың 70 пайызы партиялық тізімдер бойынша, 30 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша 50, партиялық тізімдер бойынша 50 пайыз, аудандар мен қалалардың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша сайланады, - деді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы