Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады

29 Наурыз 2022, 16:02
1649
Бөлісу:
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталатынын айтты. 

2022 жылдың 1 сәуірінде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, биылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, - дейді ол.

Айта кетейік, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады. 

Ол үшін баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті қажет. Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналар арасында балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова брифингте. 

Сөзінше, биыл 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы