Түркістан облысында жоғалған 3 жасар қыз табылды

29 Наурыз 2022, 14:10
1380
Бөлісу:
Түркістан облысында жоғалған 3 жасар қыз табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырар ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Ол өзінің 3 жасар  қызының үй ауласында ойнап жүріп, шығып кеткенін айтқан. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарды алған Отырар ауданы ПБ-ның Жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция лейтенанты Қуаныш Сәтпаев пен полиция лейтенанты Жанарбек Нұрдаулет жоғалған баланы іздеуге бірден кірісті. 

Тәртіп сақшылары жан-жақты түгел шолып шығып, кішкентай қыздың  жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде 3 жасар бүлдіршін  5 шақырым қашықтықтағы  жердегі көпқабатты үйлердің арасында  ойнап жүрген жерінен табылды. 

Өз кезегінде отырарлық сақшылардың жеделділігіне риза болған анасы, өз алғысын жеткізді. Полиция қызметкерлеріне рақмет. Небары 1 сағаттың ішінде жоғалған қызымды тауып берді. Істеріңіз алға баса берсін!-деп шынайы алғысын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы