COVID-19. Қандай шектеулер қалды?

29 Наурыз 2022, 13:10
1411
Бөлісу:
COVID-19. Қандай шектеулер қалды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ел аумағында маска режимі мен Ashyq қосымшасын қызметі тоқтату шешімі қатысты пікір білдірді.

Масканы шешу, Ashyq-ты алып тастау сияқты іс-шаралар асығыс шешім емес. Негізгі мақсат –халыққа жағдай жасау. Оның ішінде орта, шағын бизнестің бәріне 100 пайыз жұмыс істеуге мүмкіндік жағдай туғызу. Себебі көршілес мемлекетттер, оның ішінде Қытай мемелекетінде, Тынық Мұхиты аймағы елдерінде коронавирустың әлі төмендей қоймағанын байқап отырмыз. Сондықтан біз шекарадағы мәселелер бойынша шектеулерді әлі алмай отырмыз, - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар Тоғжанов ел тарапы вакцианция паспортын мойындаған 33 мемлекеттің азаматтарында тікелей келуіне мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Вакцинация алған азаматтарды ПТР-тестсіз енгізуге мүмкіндіктері бар. Ол екіжақты келісілген мемлекетаралық қарым-қатынасқа байланысты, - деді Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы