Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

29 Наурыз 2022, 01:17
1658
Бөлісу:
Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ​Атырау-Астрахан тас жолы бойында тексеру жүргізіп, 43 жастағы ер адамның Datsun автокөлігінен​ жүк салғышқа салынған​ 100 келіге жуық ​ бекіре тұқымдас балығын анықтап, тәркіледі.

Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 43 жастағы​ көлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деді​ Нұрхат Оразбаев.

Өзгелердің жаңалығы