Мұнай бағасын реттеуге мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылып отыр – Ахметов

29 Наурыз 2022, 11:22
1267
Бөлісу:
Мұнай бағасын реттеуге мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылып отыр – Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Рустам Ахметов отын-энергетика кешенінің және көліктің тауар нарықтарын монополиясыздандыру шаралары туралы айтып берді.

Мұнай бағасын реттеу мен ішкі нарыққа жеткізуге мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылып отыр. Бұл нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті даму кезіндегі бағаның тұрақты болуы мен тауар нарықтарын монополиясыздандыруға мүмкіндік береді. Нарықтағы бағаның қалыптасуын да ашық қылдырады, - деді Ахметов. 

Оның айтуынша, мұнай биржасын дамыту да өте маңызды. 

Алғашқы кезеңінде тәуелсіз компаниялар өндіретін мұнай биржасын 5-10 пайызда ұстап тұру керек.Мұнай өнімдерінің биржалық сатылымын 30 пайызға арттыру керек. Бұл тәуелсіз жеткізушілерге тиімді болады, - деді Рустам Ахметов. 

Өзгелердің жаңалығы