Мемлекет басшысы ТМД елдері парламентшілеріне үндеу жолдады

29 Наурыз 2022, 11:14
1638
Бөлісу:
Мемлекет басшысы ТМД елдері парламентшілеріне үндеу жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматыда өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Үндеудің мәтінін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысы үндеуде осыдан тура 30 жыл бұрын дәл Алматы қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы тарихи келісімге қол қойылғанын атап өткен. Сондай-ақ ел Президенті осы жылдар ішінде бұл бірегей институт Достастық кеңістігіндегі көпжақты ынтымақтастық жүйесінде ерекше рөл атқарғанына назар аударған.

Ассамблея ұлттық заңнамаларды жетілдіруге және демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосып келеді. ТМД аясындағы сайлау процестері бойынша тәжірибені жақсартуға және азаматтарымыздың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге парламентшілердің белсенді қатысуы жоғары бағаға лайық, – делінген үндеуде.

Мемлекет басшысы парламентаралық диалог экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлермен күресу және қауіпсіздікті нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруға үлкен үлес қосатынын айтқан.

Бірлескен заң шығару жұмысы жаһандық күн тәртібі шеңберінде орнықты дамудың, декарбонизацияның және цифрландырудың маңызды жаңа міндеттерін іске асырудың теңгерімді тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Ассамблеяның көпжақты қызметін толық қолдайды. Сондай-ақ ТМД Төрағасы және Парламентаралық Ассамблеяның негізін қалаушылардың бірі ретінде осы бірегей әрі пайдалы институтты жан-жақты нығайтуға қолдау көрсетуге ниетті, – деп атап өткен Қазақстан Президенті.

Өзгелердің жаңалығы