Елімізді қуатты транзиттік хабқа айналдырудың мүмкіндігі зор – Үкімет басшысы

29 Наурыз 2022, 11:26
1610
Бөлісу:
Елімізді қуатты транзиттік хабқа айналдырудың мүмкіндігі зор – Үкімет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады. 

Оның айтуынша, біздің алдымызда тұрған ауқымды міндеттің бірі – 2025 жылға қарай транзиттік-тасымал көлемін 30 млн тоннаға дейін жеткізу. 

Елімізді қуатты транзиттік хабқа айналдырудың мүмкіндігі өте зор. Пандемияға және сыртқы саяси жағдайлардың әсеріне қарамастан, транзиттік-тасымал көлемі өсіп келеді. Биыл екі айдың өзінде теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 10%-ға, ал транзиттік жүктердің жалпы көлемі 20%-ға өсті. Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік транзит көлемі де жыл сайын артып келеді, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол былтыр бұл көрсеткіштің ұлғайғанын алға тартты. 

2021 жылы бұл көрсеткіш 732 мың теміржол контейнеріне дейін ұлғайды. Жалпы өткен жылы Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 1 миллион контейнерден асып, 23,8 млн. тоннаны құрады. Дегенмен, елімізді қуатты логистикалық хабқа айналдыру үшін теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамыту керек. Ол теміржол желілерін жаңғырту және жаңадан салу арқылы іске асырылуы тиіс, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы