Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Көкшетауда болды

29 Наурыз 2022, 02:42
1597
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Көкшетауда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде қорғаныс ведомствосының өкілдері оқу орындарының оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізуде.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметшілер Көкшетау қаласының орта мектептері мен колледждерінде болып, ерлік сабақтарын өткізді. Әскерге дейінгі жастар мен әскерге шақырылушылар үшін Әскери-тарихи мұражайдың экспозициялары, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бүгінде бүкіл қоғам жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін бірігуге тиіс. Біз өз тарапымыздан өскелең ұрпаққа Отан қорғаушының жоғары миссиясын түсіндіруге басты назар аударамыз. Бүгінгі жастарымыз келешекте Қарулы күштердің қатарын толықтыратынына сенімім мол, – деп атап өтті Бас штабтың Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі полковник Бисен Жақыпов.

Өзгелердің жаңалығы