Өткен жылы 21 мыңға жуық адам тыныс алу жолдарының ауруларынан қайтыс болды

29 Наурыз 2022, 22:25
1200
Бөлісу:
Өткен жылы 21 мыңға жуық адам тыныс алу жолдарының ауруларынан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 3,5 мың адам АИТВ жұқтырған, 4,6 мың адам созылмалы вирусты гепатитпен, 2,3 мың адам мерезбен ауырған. 2021 жылы жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциясы ең көп таралған жұқпалы ауру болды. Инфекцияны 1,2 миллион адам жұқтырған. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Одан кейінгі орында COVID-19 тұр. Оған 870,8 мың адам шалдығып, 832,8 мыңынан вирус анықталған. Сондай-ақ желшешектен 16,4 мың адам зардап шеккен және 8,9 мың адамда жіті ішек инфекциясы тобындағы аурулар тіркелді.

Сонымен қатар 3,5 мың адам АИТВ жұқтырған, 4,6 мың адам созылмалы вирусты гепатитпен, 2,3 мың адам мерезбен ауырған.  18 жасқа дейінгі балалардың 627,5 мыңы жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жедел инфекциясымен ауырған.

Сондай-ақ желшешек 14,9 мың және жіті ішек инфекциялары 7,4 мың баладан анықталды. Туберкулезді 538 бала жұқтырған.

Респираторлық аурулардан 20,8 мың адам, жұқпалы және паразиттік аурулардан – 1,4 мың адам қайтыс болған.

1 жасқа дейінгі балалардың респираторлық аурулардан қайтыс болғандар саны бір жылда 12,9%-ға, 195-ке, ал жұқпалы және паразиттік аурулардан – 26,8%-ға, 180-ге дейін азайды.

Ал елде COVID-19 коронавирустық инфекциясын көп жұқтыру облыстар арасында Нұр-Сұлтан қаласында ең көп тіркелді. Мұнда 10 000 адамның 1118-і жұқтырған.

 Одан кейінгі орындарда Алматы (10 000 адамның 824-і) және Қарағанды облысы (10 000 адамның 711-і).

Өзгелердің жаңалығы