Боран, күшті жел: БҚО-да республикалық жол жабылды

29 Наурыз 2022, 15:02
2234
Бөлісу:
Боран, күшті жел: БҚО-да республикалық жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша, 29 наурыз күні жергілікті сағат 10.10-нан бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – боран, күшті жел, жолдың көрінбеуі. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталған бағытта тұрғындарға жолға шықпау керектігін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы