Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 28 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 082 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 11, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында 1, Алматы облысында - 0, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 1, Қостанай облысында -0, Қызылорда облысында -0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 0, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 0.