Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне қатысады

29 Наурыз 2022, 23:09
1403
Бөлісу:
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық триатлоншылар жақында Непалда өтетін Азия кубогіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Отандық спортшылар Ыстықкөл жағасында спортшылар оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құрама мүшелері 31 наурызға дейін шеберліктерін шыңдап, аталған Азия кубогіне аттанады.

Құрлықтық додаға қатысатын спортшылар тізімі: Әлихан Әбусейіт, Надежда Бекмағанбетова, Даниил Зубцов, Кирилл Рожков, Юлия Озерова, Иван Тутукин және Екатерина Шабалина.

Өзгелердің жаңалығы