Елорда әуежайы уақытша жабылды

29 Наурыз 2022, 22:41
1356
Бөлісу:
Елорда әуежайы уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауа райының бұзылуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы уақытша жабылды.

Әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов әуе айлағының қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбейтіндігінен жабылғанын айтты.

Жолаушыларға ұшақтардың ұшып шығуы, қонуы, кешігулер туралы өзекті ақпаратты әуе айлақтарының ақпараттық қызметінен және әуе компаниялардың call-орталықтарынан білу ұсынылады.

Айта кетейік, елордада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін ауа райына байланысты ескерту жарияланып, желдің жылдамдығы 260/20 м/с дейін, ал екпіні 25 м/с дейін күшейіп, қалың қар жауады.

Өзгелердің жаңалығы