Ахметов ішкі нарыққа газ жеткізу қызметі ашық емес екенін айтты

29 Наурыз 2022, 11:31
1269
Бөлісу:
Ахметов ішкі нарыққа газ жеткізу қызметі ашық емес екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгінгі күні тауарлық газ нарығын 95%-ға «QazaqGaz» АҚ газды басымдықпен сатып алуға монополиялық құқықпен ұсынады.Нарықтың оң теңгерімін атап өту қажет. Тауарлық газ өндірісінің көлемі 2021 жылы – 25 млрд.м3 тұтыну көлемінен 18 млрд. м3 асады. Экспортқа 7 млрд. м3 газ жіберілді.Экспорттан түсетін кірістер есебінен газдың ішкі бағасы субсидияланады. Ұлттық оператордың деректері бойынша өткен жылғы шығындар мәлімделген бағаның айырмашылығынан болды және бекітілген 160 млрд.теңгені құрады, олар экспорт есебінен жабылады, - деді Ахметов. 

Ол атағандай,  2020 жылдан бастап тауарлық газ экспорты ішкі тұтынудың өсуі есебінен орта есеппен 30%-ға қысқарады.

 Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2025 жылға қарай тауарлық газды тұтыну көлемі 27 млрд.м3 дейін ұлғаяды, ал газ тапшылығы 1,6 млрд. м3 құрайды.Осылайша, 2025 жылдан бастап экспорттың қысқаруына байланысты, бізде тауарлық газдың ішкі бағаларын субсидиялауға мүмкіндік болмайды.Нарықта сатудың барлық кезеңдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу қолданылады - жер қойнауын пайдаланушыдан газ сатып алу, газды көтерме және бөлшек саудада өткізу, тасымалдау.Басым құқықты іске асыру тетігі реттелмеген, «QazaqGaz» АҚ-ның өз құқығын іске асырудан бас тартуына негіз жоқ, - дейді Ахметов. 

Сондай-ақ ол ішкі нарықта баға қалыптастыру жүйесі жетілдірілмеген, онда салалық реттеуші бекіткен бағалардың «шашырауы» 16 еселік мәнге немесе мың м3 үшін 600-ден 10 мың теңгеге дейін жететінін айтты. 

Ішкі нарыққа жеткізу құрамын қалыптастыру рәсімі нақтыланбаған. Іс жүзінде бұл Ресейден импортталған газдың неғұрлым қымбат көлемін ішкі нарықта пайдалану фактілеріне әкеп соқты, ал қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларда 5-10 мың м3 бағасы бойынша газ жеткізу мүмкіндігі болды.Осылайша, ұлттық оператордың квоталарды, бағаларды қалыптастыру және ішкі нарыққа газ жеткізу құрамы бөлігіндегі қызметі ашық емес. Тауарлық газды тасымалдау нарығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық газ құбыры» ЖШС және «Бейнеу Шымкент Газ Құбыры» ЖШС магистральдық газ құбырлары және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарату желілері бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері бар, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы