«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

29 Наурыз 2022, 18:44
4125
Бөлісу:
«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті
PHOTO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы  Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен  «Түрік шайын таныстыру» шарасын өткізді. 

Іс-шараның салтанатты ашылуында сөз алған Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи фестивальді өткізуге қолдау білдіргені үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығына алғысын білдірді.

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Түрік шайы мен симиті ажырамас астың түрі, яғни бірге тұтынатын тағамдар. Бұл біздің дәстүріміздің бір бөлігі. Жалпы түрік халқы кофені өте көп тұтынады. Бірақ кофенің бағасы қысыл-таяң кезеңде өскеннен кейін халық шайға көшкен. Осыдан кейін шай ішу дәстүрі қалыптасқан. Сондай-ақ бүгінгі күні түріктер – шайды ең көп тұтынатын халықтардың бірі. Симит нанымыз 1525 жылы алғаш рет Стамбұлда әзірленген, - дейді дипломат.

Уфук Экиджи мырза бүгінгі іс-шараның маңызды екенін атап өтті. Өйткені шай мен симит оның күнделікті тұтынатын таңғы асы. Елші жұмыс күндері алдымен офисіне емес, дәмханаға баратынын айтты.

Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы таңғы астан өмір басталатынын айтты.

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Университетімізде «Түрік шайы» деген атаумен ерекше іс-шара өтіп жатқанына университет басшылығы, ұжымы, жастардың атынан ризашылығымызды білдіремін. Түрік шайы – бұл мәдениет, ол адамдардың басын қосатын сұхбат алайы, жаңашылдықтың бастауы. Таңғы шайдан бәріміздің өміріміз басталады. Таңғы ақ тілекті айтып, үлкендерден бата аламыз. Осылайша елдің бірлігі, мәдениеті, өркениеті құралады, - деп айтты Дихан Қамзабекұлы.

Ал Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының директоры Алмагүл Исина шайлардың 5000 жылдық тарихы барын айтты.

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Осы шайлардың ішінде түрік шайының бірнеше ерекшелігі бар. Мысалы, түрік шайы тропикалды емес, континенталдық аймақта өсетін жалғыз шай. Шай адамдарды бір-біріне жақындастыратын, әңгіме дүкен құрғызатын мықты дәнекер. Түркі халықтары біреумен әңгімелесіп, сырласқысы келген кезде, қонаққа шақырған кезде «тамақ жейік!» демейді, «келіңіз, шай ішейік!» дейді. Біз де бүгін сіздерді «Келіңіз, бірге шай ішейік!» деп қонаққа шақырып отырмыз, - деді орталық директоры.

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Шайдың тарихы

Адамзат баласы 5000 жылдан бері қолданып келе жатқан шайдың түріктер арасында тарала басталуына қатысты көптеген әпсана бар. 

Қожа Ахмет Ясауи бір күн Қытайдың бір ауылына барып, түркмен отауына қонақ болады. Қонақ болып түскен үйдің әйелі толғатып жатыр екен. Қожайын Қожа Ахмет Ясауиден бата сұрайды, Қожа батасын береді. Толғатқан әйел аман-есен қол-аяғын бауырына алады. Бұған қатты қуанған үй иесі түркмен Қожа Ахмет Ясауиге шай ұсынады. Қапырық ауадан қатты шөлдеген Қожа Ахмет Ясауи шай ішіп, шөлін қандырады да «бұл өте шипалы сусын екен. Науқастарға осы сусынды беріңдер, шипа болсын» деп бата қайырады. Шай осыдан бастап түркі халықтарының арасында кең тарала бастапты деседі. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Шай Анадолыға 16 ғасырдан бастап Қытайдан Жібек жолы арқылы тарала бастаған. Османлы мемлекетіне 16 ғасырда шипалы сусын ретінде әкелінген шай туралы 1731 жылы парсы тіліндегі «Рисале-и чай» атты еңбекте  баяндалған. Батумиге жұмысшы ретінде барып келіп жүрген Ризе және Артвин халқы қайтқанда шай бұтақтарын әкеліп оны бақшаларына еге бастаған. Бұтағының бойының 0,5 метрден аспауы әу баста көп ешкімнің назарын аудара қоймады. Шай бұтақтарын әкелген жұмысшылар оны алдымен өздерінің бақшаларында, кейіннен егіс алқаптарында өсіре бастады. Шайдың кейіннен ормандық алқаптар мен қырларда да өздігінен өсетіні анықталды. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті
«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Османлы мемлекетінің құзырлы мекемелері шайдың зияны жоқ екені анықталғаннан кейін  өндірісіне де рұқсат берген. Шай Танзимат дәуірінде таңғы аста 19 ғасырдан бастап өз орнын ала бастаған. Түркия Республикасы құрылғаннан кейінгі жылдары Ризе мен Трабзон облыстарында шай өсіру енді комплексті түрде экономиканың бір саласына айнала бастады. Ең ірі шай өндіру фабрикасының негізі Ризеде 1946  жылы қаланып, 1947 жылы шай тауар ретінде айналымға шықты. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Қазіргі күні шай- әлемдегі судан кейін ең танымал және көп қолданылатын сусын түрі ретінде түрік асханасының және мәдениетінің де ажырамайтын бөлшегіне айналған. Түркия әлем бойынша шай өндіріуде төртінші, ал тұтынуда алғашқы (кісі басына 3,5 кг) орынды иеленеді.  Сондай –ақ қазіргі күні Түркияда шамамен 1 миллион адам шай өндірісі нарығында еңбек етеді. 2021 жылы Түркия әлемнің 115 еліне шай экспорттады. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Түркияда шай өсірілетін аймақ Ризеде биіктігі 30 метрлік жіңішке белді шай кесесі пішініндегі 7 қабатты «Шай кесесі» атты ғимарат салынып жатыр. Бұл ғимарат Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен шай кесесі ретінде ресми түрде тіркелу үшін өтініш білдірді. 

Түрік шайының басқа шайлардан қандай айырмашылығы бар?

Әлемде 1 500-ден астам шай түрі бар. Түрік шайы ол тропикалық аймақтарда өспейтін әлемдегі жалғыз шай түрі болуымен ерекшеленеді. Түркияда шай негізінен Ризе мен Трабзон облыстарында өседі. Әлемде континенттік ауа райында шай өсіру дәстүрі тек қана Түркияда кездеседі. «Кофехана» деп аталатын кафелер негізінен шай ішуге арналған арнайы орын болып табылады. Арнайы кернеуі жіңішке шыны ыдыспен ішілетін түрік шайы екі қабаттан тұратын шәйнекте демделеді. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті
«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Түрік шайының гастрономияда алатын ерекше орнына байланысты түрік тілінде өте көп тұрақты тіркестер  мен мақал-мәтелдер пайда болған. Қазақ тіліндегі әбден демделген қызыл күрең шайға түрікшеде «қоян қаны түстес шай» дейді. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Бүгін іс-шара барысында Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы қонақтарға түрік шайын, түрік симиті мен ірімшігін ұсынды. Шай фестивалі аясында Әлия Сүлейменова мен Түркиядан келген әнші Мехмет Фатих Онгун қонақтарға арнап түрікше әндер орындады. 

«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті
«Келіңіз, бірге шай ішейік!». Елордада түрік шайы фестивалі өтті

Айта кетейік, фестивальге Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Парламент депутаттары, елордадағы дипломатиялық корпус өкілдері,  университеттер ұжымы мен  студенттер қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы