Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды

29 Наурыз 2022, 03:27
1423
Бөлісу:
Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» синоптиктері жеті өңірде ескерту жариялады.

29 наурыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын жауады. Оңтүстік-батыста, батыста, солтүстікте боран соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігіне тұман түседі.

Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке, оңтүстік-батыста, батыста 23-28 м/с-ке жетуі ықтимал.

Петропавлда 29 наурыз күндіз жауын жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

29 наурыз Алматы облысының батысында және шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 18-23 м/с-ке жетеді. Талдықорғанда 29 наурыз күндіз оңтүстік-батыс желі есіп, екпіні 15 м/с болады.

29 наурыз Қызылорда облысында солтүстік-батыс желінің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с, шығыста және орталықта 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

29 наурыз түнде Қызылорда облысының басым бөлігіне жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Қызылордада 29 наурыз солтүстік-батыс желінің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

29 наурыз күні түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың орталығында жауын жаууы ықтимал (жаңбыр, қар). Қарағандыда 29 наурыз күні көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

29 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғады. Түнде оңтүстік-батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Оралда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 29 наурызда Атырау облысының шығыс, батыс және орталық бөліктерінде шаңды дауыл тұрады.

Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

29 наурызда Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтілуде. Жел оңтүстікте батыс, оңтүстік-батыс бағыттан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батыс, солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы