Елордадағы iрi сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түскен - ПД

29 Наурыз 2022, 16:45
1368
Бөлісу:
Елордадағы iрi сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түскен - ПД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 наурызда сағат 13:39-да «102» арнасына «Сарыарқа» СОО әкімшілігінiң  жұмыс нөмірінде белгiсiз ер адам қоңырау шалып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын хабарлаған. 

Полиция департаменті хабарлағандай, оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу шықты. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ.  Ғимараттан 350 адам қауiпсiз жерге шығарылды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауаптылықты көздейді. 

Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді, - делінген хабарламада. 

 

Өзгелердің жаңалығы