Елорда мешіттерінің жамағаты арасында футзалдан турнир өтті

29 Наурыз 2022, 20:39
1230
Бөлісу:
Елорда мешіттерінің жамағаты арасында футзалдан турнир өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қала мешіттерінің жамағаты арасында спорттық іс-шаралар маусымы футзал ойынымен ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармаларының қолдауымен «Аспан» спорт кешенінде футзалдан «Теңбіл доп» спорт жарысы өтті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни оңалту бөлімінің» меңгерушісі Хасан Аманқұлов және «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы қатысты.

Іс-шараға 8 команда тіркеліп, жүлделі орынға бақ сынасты. Жарыс барысында зайырлы мемлекет құндылықтары, спорт ойындарының және салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін пайдасы және жат ағымдағы діни топтардан сақтандыру тақырыптарында сөз қозғалды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұйымдастырушылар алқасы диплом, кубок және медальдармен марапаттады.

Жалпы бұл бағыттағы іс-шаралар биыл өзге спорт түрлерінен жалғасатын болады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер:

І орын «Алаш» командасы;
II орын «Куша» командасы;
III орын «Орда» командасы.

Өзгелердің жаңалығы