Ерұлан Жамаубаев Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды

29 Наурыз 2022, 15:48
1707
Бөлісу:
Ерұлан Жамаубаев Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын, - делінген хабарламада.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

 Білімі: 

1995 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.   

2009 ж. – Международная бизнес-школа при Казахском университете им. Т. Рыскулов атындағы Қазақ университетінің жанындағы халықаралық бизнес-мектебінде «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілдендірудің магистрының академиялық дәрежесін алған.   

Әр жылдарда халықаралық қаржы ұйымдары мен батыстың орталық банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Монетарлық саясат стратегиясы және оны Еуропалық орталық банкте жүргізудің ерекшеліктері», «Макроэкономикалық басқару», «Қаржы нарығының құралдары», «Қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін көтерген. 

Еңбек жолы: 

1996-1998 жж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясында тәлімгер-оқытушы. 

1998-2006 жж. – жетекші сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы-маман, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары. 

2006-2014 жж. – Ұлттық банктің үйлестіру департаменті директоры.  

 2014-2015 жж. – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директор. 

2015 жылдың маусым-қарашасы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

 2015-2018 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісі. 

2018 жылдың 29 қарашасынан – 2019 жылдың 22 наурызы – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі. 

2019 жылдың 22 наурызынан - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы. 2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдары
 

Өзгелердің жаңалығы