«Қазмедиа»-дағы өрт толығымен сөндірілді

29 Наурыз 2022, 22:15
1334
Бөлісу:
«Қазмедиа»-дағы өрт толығымен сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазмедиа орталығындағы» апат жойылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook парақшасында жазды.

«Қазмедиа оталығындағы» апат жойылды. Трансформатордағы өрт сөндірілді. Телерадио арналар хабар таратудың резервтік форматына көшірілді, – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Бұған дейін ҚР ТЖМ сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткенін хабарлағанбыз.

Ведомство мәліметінше, сағат 21:12-де өрт толығымен сөндірілген.  ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тілсіз жаудың шығуына аккумулятор батареяларының өртенуі себеп болған.

 

Өзгелердің жаңалығы