Түркістан облысы полицейлері тұрғынның үйінен 3 келі есірткі тапты

29 Наурыз 2022, 14:47
1245
Бөлісу:
Түркістан облысы полицейлері тұрғынның үйінен 3 келі есірткі тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері тұрғынның үйінен 3 келі есірткі тапты,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түркістан облысы аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері бірлесіп, жұмыс атқару кезінде есірткі затын сақтау, қолдану және тасымалдаумен айналысқан ер адамды ұстады. 

Нақтырақ айтсақ, Түлкібас ауданының тұрғыны үйінде есірткі затын сақтайды деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінту кезінде сарайдың ішінен пакетке оралған есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Осылайша, алынған заттарға сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 3 келі гашиш екені белгілі болды. 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан алдын дәл осындай есірткі сақтаумен сотты болғанын анықтады. Ұсталған ер адам өз сөзінде есірткіні өзі пайдалану мақсатында қолданып жүргенін айтты. Аталған жайтты түлкібастық полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.   

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның аудан аумағында осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
 

Өзгелердің жаңалығы