Отандық вагон шығарушы операторларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

29 Наурыз 2022, 09:53
1226
Бөлісу:
Отандық вагон шығарушы операторларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, мұндай шара отандық вагон жасауды қолдау мақсатында қолға алынып отыр.

Отандық вагон жасауды қолдау мақсатында өз елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Осы бағдарлама шеңберінде шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол биыл қанша вагон сатып алынатынына тоқталды. 

Биыл «Қазақстан темір жолы» 1,5 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр. Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында министрлік отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынады, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайырбек Өскенбаев 2025 жылға дейін транзиттік тасымалды 30 млн тоннаға жеткізуіміз керектігі туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы