Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан турнирде жеңімпаздар сегіз салмақ дәрежесінде анықталды.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 103 ұпайы бар Алматы қаласы көш бастады (4 алтын, 5 қола).
Алматы облысы екінші орынға жайғасты. Команда еншісіне 46 ұпай бұйырған (3 күміс, 3 қола).
Үздік үштікті 45 ұпаймен Қызылорда облысы түйіндейді (1 алтын, 2 күміс).
Аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен 478 спортшы қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жүлделі орыннан көрінген спортшылар ҚР ұлттық құрамасының қатарына шақырылып, олар Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынай алады.