Головкин Азиядағы үздік боксшылардың бестігіне енді

29 Наурыз 2022, 16:20
1239
Бөлісу:
Головкин Азиядағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DAMN стримингтік қызметі өзінің твиттерінде Азиядағы ең танымал боксшылардың бестігін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

ТОП-5-ке Жапония өкілдері Наоя Иноуэ және Казуто Йока, Филиппин өкілдері Нонито Донэр және Марк Магуайр, сондай-ақ Қазақстандық Геннадий Головкин кірді.

Еске сала кетсек, жақында Геннадий Головкин Азия боксы тарихындағы ең ауқымды жекпе-жектердің бірін өткізеді. Ол 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында WBA Super орта салмақтағы әлем чемпионы Риота Муратамен шаршы алаңға шығады. Ал Наоя Инуэ жапон эфирінде шоудың комментаторы болмақшы.

Өзгелердің жаңалығы