Wildberries Қазақстанда қазір 46 мың шаршы метр қойма жалдап отыр 

Арман Шаққалиев қосымша қойма аумақтарын іздеу туралы ақпарат ашық дереккөздерде жарияланғанын атап өтті.

 ©BAQ.KZ/Олжас Адай 4 Тамыз 2026, 13:14
4 Тамыз 2026, 13:14
126
Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Wildberries компаниясы қазір Қазақстанда шамамен 46 мың шаршы метр қойма аумағын жалға алып отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, компаниядан елімізде қосымша қоймалар орналастыру мәселесі бойынша министрлікке ресми өтініш түспеген.

Сонымен қатар Wildberries-тің ірі логистикалық кешендер салу жоспары өзгеріссіз қалып отыр. Компания 2027 жылдың бірінші тоқсанында жалпы аумағы шамамен 260 мың шаршы метр болатын қоймаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Оның 160 мың шаршы метрі Астанада, тағы 100 мың шаршы метрі Алматыда орналасады.

Арман Шаққалиев қосымша қойма аумақтарын іздеу туралы ақпарат ашық дереккөздерде жарияланғанын атап өтті. Сонымен бірге қоймаларды жалға алу мәселелері компаниялар арасындағы коммерциялық қатынастарға жатады және мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейді.

Министр Wildberries компаниясынан бұл мәселе бойынша Сауда және интеграция министрлігіне ресми өтініш түспегенін тағы да атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Wildberries-тегі жағдайға қатысты Сауда министрі кәсіпкерлерге кеңес берді

Наверх