Солтүстік Кипрде 22 жастағы қазақстандық бойжеткенді пышақтап кетті. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, Никосия қаласындағы супермаркетте күдікті қазақстандық бойжеткенге шабуыл жасап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Бойжеткен ауыр жарақаттанған, қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде біздің азаматымызға қатысты орын алған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар мән-жайды анықтауда және жергілікті құзырлы органдармен байланыста. Қосымша ақпарат ресми мәліметтердің түсуіне қарай ұсынылады. Бұл мәселе Министрліктің бақылауында, - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ расталмаған ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған адам бойжеткеннің бұрынғы жігіті болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтауда.