Астанада өткен Creative Aimaq жобасы креативті индустриялардың өңірлік экономиканың маңызды бағытына айналып келе жатқанын көрсетті. Жоба аясында Абай облысының креаторлары авторлық өнімдері мен шығармашылық жобаларын елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырды.
Екі күн ішінде жәрмеңкеге 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Келушілер назарына 842 авторлық туынды ұсынылды. Оның 772-сі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары болса, 70-і көркем шығарма болды.
Сонымен қатар Abai IT Valley алаңында өңірдің инновациялық әлеуетін танытатын IT-жобалар мен жасанды интеллект саласындағы заманауи әзірлемелер көпшілік назарына ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Creative Aimaq жобасы алдағы уақытта да креативті индустрияларды дамытуға, талантты авторларды қолдауға және өңірлердің мәдени әлеуетін насихаттауға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.