Павлодар облысында Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесуі өтті. Қатысушылар еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі мәселелерін талқылады.
Спикерлер атап өткендей, ҚХП партиялық бағдарламасында еңбек адамын қорғау мен лайықты еңбекақы төлеу мәселелеріне екі бөлек бөлім арналған. Онда нақты бастамалар кешені қамтылған.
Кездесуді ашқан партия өкілі, Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының депутаты Евгений Миронов партияның еңбек қатынастары саласындағы негізгі ұсыныстарын тізіп өтті.
«Біз ең төменгі жалақыны шынайы күнкөріс деңгейіне байланыстыруды, үстеме жұмысқа ақы төлеуді бақылауды күшейтуді, кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде жұмыскерлерді қорғауды, еңбек инспекцияларының өкілеттіктерін кеңейтуді, тәуелсіз кәсіподақтар мен ұжымдық шарттарды қолдауды ұсынамыз», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ол еңбек құқықтарын қорғау құқықтық құралдар арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты.
Партия өкілі Дамир Каюмов бұл тақырыпты әрі қарай жалғастырып, елдің басты байлығы табиғи ресурстар емес, күнделікті еңбегімен ұлттық экономиканың дамуына үлес қосып жүрген адамдар екенін атап өтті.
«Бүгінде жасанды интеллект, цифрландыру және болашақ технологиялары туралы көп айтылуда. Бірақ ешқандай технология электр станцияларын салатын, көмір өндіретін, металл балқытатын, жабдықтарды жөндейтін, адамдарды емдейтін және балаларды оқытатын адамды алмастыра алмайды. Қазақстанның нағыз байлығы – жұмыс ауысымынан кейін әр кеш сайын үйіне оралатын еңбек адамы. Міне, сондықтан экономикалық өсімнің мәні – еңбек адамы оны сезінгенде ғана бар, яғни лайықты жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары, тұрақтылық пен эртенгі күнге деген сенімділік арқылы», – деді Дамир Каюмов.
Сұхбат барысында кездесуге қатысушылар еңбек қауіпсіздігін арттыру, еңбек заңнамасын жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті дамыту және жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін күшейту мәселелерін талқылады.
Қазақстан Халық партиясында кәсіподақтар еңбекшілерді қорғаудың күшті әрі тәуелсіз институты болып қалуы тиіс екенін, ал олардың міндеттерін заң, келіссөздер және әлеуметтік әріптестік арқылы шешу қажеттігін баса айтты. Партия өкілдерінің пікірінше, мұндай тәсіл бір уақытта жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға, кәсіпорындардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге және ел экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.