АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз көші-қон мен энергетика мәселесі Еуропа үшін негізгі сын-қатерлерге айналғанын мәлімдеді.
Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамптың айтуынша, Еуропаның қазіргі жағдайына ең көп әсер етіп отырған екі фактор – заңсыз иммиграция мен энергетикалық саясат.
«Еуропаны екі нәрсе әлсіретіп жатыр. Біріншісі – заңсыз көші-қон. Екіншісі – энергетика», – деді АҚШ президенті.
Энергетика саласындағы жағдайға мысал ретінде ол Ұлыбританияны атады. Трамптың пікірінше, Солтүстік теңіздегі мол табиғи ресурстарға қарамастан, елдің Норвегиядан энергия ресурстарын импорттауы тиімді саясат емес.
Сонымен қатар Трамп Еуропа елдерін заңсыз көші-қон ағынын тежеуге шақырды.
Айта кетейік, жуырда Испанияның Сеута автономиялық қаласына Марокко аумағынан ондаған мың заңсыз мигрант өтуге әрекет жасаған. Ресми мәліметтерге сәйкес, шекарадағы оқиғалар кезінде адам шығыны тіркеліп, мыңдаған мигрант Сеута аумағына өткен.
Осы жағдайдан кейін Италия Испаниямен арадағы Шенген аймағының жұмысын уақытша тоқтатты.
Өткен аптадағы жаппай шекара бұзудан кейін қалада 3-5 мыңға жуық мигрант қалып қойған.