Астанада видео түсіріп тұрып «ашуланған» жігіт 5 тәулікке қамалды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды.

4 Тамыз 2026, 20:56
АВТОР
 видеодан скриншот 4 Тамыз 2026, 20:56
4 Тамыз 2026, 20:56
330
Фото: видеодан скриншот

Астанада видео түсіріп тұрып «ашуланған» жігіт 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Instagram әлеуметтік желісінде ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды. Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке қолжетімді еткен.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады.

Құқық бұзушы 26 жастағы Балташ Шыңғысхан болып шықты. Ол әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, полиция әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Сол себепті құқық қорғаушылар азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен үш адам ұсталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх