Жаңаөзенде 3 тамызда жоғалған Қызылсай ауылының 55 жастағы тұрғыны Оңайхан Байболқызы Ашықбаеваны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іздестіру операциясына дрон мен спутниктік байланысты пайдаланатын полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылды.
Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 1971 жылы туған әйел шамамен сағат 09:30-да Қызылсай ауылындағы Б. Бабаханов көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның қайда екені осы уақытқа дейін белгісіз.
Құқық қорғау органдары іздеуді жалғастыруда және тұрғындардан көмек сұрайды.
«Егер сіз жоғалған әйелдің жүрген жері туралы бірдеңе білсеңіз немесе оны көрген болсаңыз, мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 701 475 38 55 немесе 8 777 920 72 76», – делінген полиция хабарламасында.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру операциясына жеке құрамның 37 адамы жұмылдырылғанын хабарлады.
Аумақты тексеру үшін ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік байланыс құралдары пайдаланылуда.