Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

4 Тамыз 2026, 08:09
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 4 Тамыз 2026, 08:09
4 Тамыз 2026, 08:09
135
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін, 4 тамызда Ақтөбе және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, желдің әлсіздігі, ауадағы инверсия және басқа да метеорологиялық факторлар зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуына ықпал етуі мүмкін. Соның салдарынан аталған қалаларда ауа сапасының уақытша нашарлау қаупі бар.

Осыған байланысты тұрғындарға:

  • ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтардың маңында серуендеуді шектеуге;
  • балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар азаматтарға сақтық шараларын күшейтуге;
  • ашық аспан астындағы қарқынды дене жаттығуларын шектеп, мүмкіндігінше жабық ғимараттарда өткізуді қарастыруға кеңес беріледі.

Мамандардың айтуынша, атмосфералық ауаның ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық сияқты метеорологиялық жағдайлар тікелей әсер етеді.

Наверх