Астанадағы фиджитал-турнир қаралым бойынша жаңа рекорд орнатты

Қазақстан спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын ірі жарыс өткізуде.

4 Тамыз 2026, 14:26
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 4 Тамыз 2026, 14:26
4 Тамыз 2026, 14:26
140
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бір тәуліктің ішінде «Болашақ ойындары 2026» турнирінің трансляцияларын қарау саны 100 миллионға көбейді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі әлемдік аудиторияның жоғары қызығушылығын тудырып, көрермен саны бойынша жаңа рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуде. Кеше жарыс трансляцияларының жалпы қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті. Осылайша, небәрі бір тәулік ішінде аудитория 100 миллион қаралымға артты. Мұндай қарқын турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін және фиджитал форматындағы жарыстардың әлемдік деңгейде сұранысқа ие бола бастағанын көрсетеді, - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Турнирдің кең ауқымды халықаралық қамтылуы Қазақстанның спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын ірі жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Ал «Болашақ ойындарының» елімізде өткізілуі Қазақстанның цифрлық және технологиялық даму бағытымен толық үндеседі.

Бүгінде киберспорт жастар арасында кеңінен танымал. Бұл ретте басты мақсат – цифрлық спорт түрлері мен дәстүрлі спорттың бір-біріне қарсы емес, керісінше өзара толықтырып, жастарды белсенді өмір салтына тартудың тиімді құралы екенін көрсету. «Болашақ ойындары» – халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін және Қазақстанды спорт, инновация мен жаңа технологиялардың заманауи орталығы ретінде әлемге танытатын маңызды алаң, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін «Болашақ ойындары – 2026» турниріне қызығушылық артып келе жатқаны хабарланды

Наверх