Қазақстандық өнімдерді ірі шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру жөніндегі жаңа қолдау шарасы пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржылық қолдау шаралары кеңеюде. Бірінші жартыжылдықта ғана Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру қолдауының көлемі төрт жүз миллиард теңгеден асты. Жыл соңына дейін ол бір де екі триллион теңгеге дейін ұлғайтылады. Жыл сайын шамамен алты миллиард теңге экспорттаушылардың логистикалық шығындарын өтеуге бағытталады. Нәтижесінде экспорт құрылымы өзгеруде. Соңғы бес жылда жоғары өңделген өнім экспорты екі жарым есеге өсіп, 11,1 миллиард долларға жетті, – дейді Шаққалиев.
Оның шикізаттық емес экспорт құрылымындағы үлесі отыз сегіз де сегіз пайызға жетті. Келесі кезең – дайын өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету. Ол үшін отандық өнімді Lulu Hypermarket, Carrefour, Gross, Panda, Spinneys және тағы басқа ірі шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру жөніндегі жаңа қолдау шарасы пысықталуда.
Министрліктің стратегиялық міндеті – қазақстандық тауарлардың ішкі нарықта нығайтып, олардың сыртқы нарықтарға шығуына және жоғары қосылған құны бар өнім өндірісінің өсуіне жағдай жасау. Сауда саясаты мен мемлекеттік қолдау шаралары бұдан әрі де отандық өндірісті дамытуға бағытталады, – дейді министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда сауда желілері қазақстандық өнімнен негізсіз бас тарта алмайды. Отандық азық-түлік тауарларына дүкен сөрелерінің кемінде 50 пайызы бөлінеді.