102 пультіне Алматының Алатау ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде отбасылық жанжалдан кейін әйелдің өзіне және балаларына зиян келтіруі мүмкін екені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері, ювеналды полиция өкілдері, учаскелік инспектор мен медицина мамандары дереу жетті. Үйде әйел алты баласымен бірге болған. Полицияның мәліметінше, ол ауыр эмоциялық күйде болған.
Құқық қорғау органдарының басты міндеті отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Ювеналды полиция қызметкерлері әйелді тыныштандырғаннан кейін балалар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта отбасыға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Жұмысқа психологтер, бейінді қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылды. Олар әйелге кешенді әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетеді.
Алматы полициясы қиын өмірлік жағдай туындаған кезде дер кезінде көмекке жүгіну маңызды екенін еске салды. Өйткені бұл қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.