Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 шілдеде Қандыағаш – Ақтөбе теміржол учаскесінде болған. Оқиғадан кейін көз жұмған адамның пойызда жол жүру билетінсіз отырғаны анықталған.
Ведомствоның хабарлауынша, жолаушының кенеттен қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушының өліміне екі жақты пневмония себеп болуы мүмкін.
Атырау – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушының кенеттен қайтыс болу фактісі бойынша Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала диагноз – екі жақты пневмония. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.