Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды

Күдікті екі айға қамауға алынды, оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов 19 Шілде 2026, 12:52
19 Шілде 2026, 12:52
312
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Ал зардап шеккен әйелдің туыстары оқиғаға куә болған азаматтардан қолдарындағы бейнежазбаларды тергеу органдарына ұсынуды сұрап отыр.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысы полиция департаменті әйелге жасалған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде дене жарақатын алған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр, дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Туыстарының айтуынша, әйелге ажырасуға ниеттеніп жүрген жұбайы шабуыл жасаған. Отбасында төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Зардап шегушінің әпкесінің сөзінше, ер адам бұған дейін де әйеліне, балаларына және басқа да туыстарына бірнеше рет қоқан-лоқы көрсеткен.

Оның айтуынша, оқиға болған күні ер адам балаларға зиян келтіремін деп қорқытып, әйелді кездесуге мәжбүрлеген. Кездесу кезінде ол әйелді соққыға жығып, пышақпен бірнеше жерден жаралаған. Қазір дәрігерлер

Наверх