Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды.
Иранның Ұлттық сейсмология орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Дизфуль округіне қарасты Сардаш ауданындағы Саланд қаласының маңында орналасқан.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 05:55-те тіркелді.
Зілзала Хузестан провинциясының әкімшілік орталығы Ахваз қаласында, сондай-ақ Эндимешк пен Дизфуль қалаларында да сезілген.
Жер сілкінісінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта қандай да бір қирау туралы ақпарат түскен жоқ.
Шығын көлемін бағалау үшін жер сілкінісі болған аймаққа Қызыл Жарты Ай ұйымының құтқару жасақтары жіберілгені хабарланды.