Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия сияқты ауа райы құбылыстарының әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуы. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

 pixabay 19 Шілде 2026, 08:36
19 Шілде 2026, 08:36
238
Фото: pixabay

19 шілдеде Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ:

  • Алматыда;
  • Балқашта;
  • түнгі уақытта Өскеменде, Семейде және Риддерде күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия сияқты ауа райы құбылыстарының әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуы. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандар тұрғындарға:

  • ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге;
  • балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуін шектеуге;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге;
  • ашық ауадағы ауыр дене жүктемесін азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес береді.
Наверх