Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
Ұлттық құрама аралас эстафетада күміс медаль иеленді. Құрамында Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко өнер көрсеткен қазақстандық команда жарысты 1 сағат 34 минут 56 секундта аяқтап, екінші орынға тұрақтады.
Алтын жүлдені Румыния құрамасы (1:34:31) жеңіп алды. Үздік үштікті Түркия құрамасы (1:35:42) түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Диана Ержанова осы жарыстың жекелей сынында алтын медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Еуропа кубогының осы кезеңінде бір алтын және бір күміс медаль бар.