Астанадағы Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшесінің қиылысы екі күнге ішінара жабылды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақта жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшесінің қиылысында жол жабынын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты 19 және 20 шілде күндері жол учаскесі ішінара жабылады, – делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.