Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдоннан кейінгі алғашқы жарысын Вашингтонда өткізеді.

 instagram/lenarybakina 19 Шілде 2026, 10:16
19 Шілде 2026, 10:16
363
Фото: instagram/lenarybakina

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысады.

Цинциннатидегі жарыс 11 тамызда басталып, 23 тамызға дейін жалғасады. Бұл турнир маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» бәсекесі – US Open алдындағы дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болмақ.

Жуырда қазақстандық теннисшінің есімі жарысқа қатысушылар тізімінен көрінді. Турнирде Рыбакинадан бөлек, Арина Соболенко, Ига Швёнтек, Коко Гауфф, Джессика Пегула, Мирра Андреева және Наоми Осака секілді әлемнің үздік теннисшілері де өнер көрсетеді.

Цинциннатидегі әйелдер турнирінің қазіргі чемпионы – польшалық Ига Швёнтек. Ол 2025 жылғы тамызда өткен финалда италиялық Жасмин Паолиниді жеңіп, чемпион атанған.

Наверх