Алматы тауларында аяғын жарақаттаған қыз құтқарылды

ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, жер бедерінің күрделілігін ескеруге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 19 Шілде 2026, 22:53
19 Шілде 2026, 22:53
506
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Космостанция аумағында құтқарушылар тауда жарақат алған қызға көмек көрсетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2006 жылы туған қыз таулы жерден төмен түсіп келе жатқанда аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шегушіні қиын учаскеден қауіпсіз жерге эвакуациялап, оны әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, жер бедерінің күрделілігін ескеруге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 

Наверх