Қазақстандық балуан Будапешттегі рейтингтік турнирде күміс жүлдеге ие болды

Алтын Шағаева Венгрия астанасында өткен United World Wrestling рейтингтік турнирінде 55 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.

 ҚР ҰОК 19 Шілде 2026, 19:27
19 Шілде 2026, 19:27
625
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әйелдер күресінен халықаралық рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Бұл салмақта жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті.

Қазақстандық балуан финалға дейін Қырғызстан өкілі Қайыргүл Шаршебаева мен үндістандық Дикша Маликті жеңді.

Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Бақбергенова польшалық Виктория Холуйға есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Наверх