Үш облыстағы орман өрттері толық сөндірілді

.Төтенше қызметтер ауа температурасының жоғарылауына байланысты елімізде орман өрттерінің саны артып жатқанын еске салып, азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 19 Шілде 2026, 23:27
19 Шілде 2026, 23:27
351
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін, 19 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 1 орман өрті тіркелді.

Өрт Ақтөбе облысындағы «Қарабұтақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында болған. Тілсіз жау жедел түрде оқшауланып, толық сөндірілді.

Сонымен қатар, орман өрттерін сөндіру жұмыстарының нәтижесінде:

  • Ақмола облысының Ерейментау өңірінде 2026 жылғы 15 шілдеде тіркелген 2 орман өрті толық сөндірілді;
  • Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 18 шілдеде тіркелген 1 орман өрті толықтай жойылды.

Орман шаруашылығы қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мамандарының үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында өрт ошақтары қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.

Мамандардың айтуынша, өртті ерте анықтау, күштер мен құралдарды уақытылы жұмылдыру, сондай-ақ авиация мен жерүсті қызметтерінің бірлескен жұмысы жалынның кең аумаққа таралуына жол бермей, оны жедел жоюға мүмкіндік беріп отыр.

Төтенше қызметтер ауа температурасының жоғарылауына байланысты елімізде орман өрттерінің саны артып жатқанын еске салып, азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Наверх