Алматыда көпқабатты үйдің балконынан құлаған жігіт мерт болды

Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.

 istockphoto.com 19 Шілде 2026, 20:18
19 Шілде 2026, 20:18
672
Фото: istockphoto.com

Алматының Бостандық ауданында тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы жігіт көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Оқиға орнына жедел қызмет мамандары дереу жеткен.

Полиция жариялаған бейнежазбаға қарағанда, жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген. Тергеу бұл жайттың оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қазір полицейлер қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін марқұмның өмір салтын, араласқан ортасын және болған жайттың толық көрінісін қалпына келтіруге көмектесетін өзге де материалдарды зерттеп жатыр.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх